Қазақстандық боксшы әлемнің ең үздік бестігіне кірді

Фото: өз парақшасынан

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBО тұжырымы бойынша әлемнің ең үздік 5 боксшысының қатарына кірді, деп хабарлайды ozgeris.info.

WBC ұйымының жаңартылған рейтингінде 1-орында тұрған Мейірім Нұрсұлтанов WBО тұжырымының жаңартылған рейтингінде де үздік бестіктің қатарына қосылды. Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлының салмағында сынға түсетін отандасымыздың алдында ұлыбританиялық Хамза Шираз бен Дензел Бентлиді және америкалық кіші Шейн Мозли тұр. Мейірім Кореяда өткізген жекпе-жегінде Казуто Такесаконы техникалық нокаутпен ұтып, WBO International белбеуін жеңіп алған еді.

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов өнер көрсететін орта салмақта екі бірдей чемпиондық белбеу (IBF, WBO) Жәнібек Әлімханұлына тиеслі.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит