Қазақстандық АЭС үшін мердігерді кім таңдайды?

Фото:primeminister.kz

Бірінші вице-премьер Роман Склярдың айтуынша, Қазақстанда атом электр станциясының (АЭС) құрылысына Ресейдің қатысуы жағдайындағы саяси тәуекелдерге қатысты мәселелерді «олардың пайда болу барысында» шешу жоспарланған, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Шешім қабылданатын болады. Консорциум болуы мүмкін, себебі сіздердің әріптестеріңіз қазір ғана сұрақ қойды — қауіпсіздік бәрінен жоғары. Бұдан басқа, біз салынатын жаңа станцияда өз саласында көшбасшы болып табылатын өндіруші елдердің ең жаңа жобалық шешімдері мен технологиялары қолданылуына мүдделіміз. Сондықтан шешім қабылданатын болады. Конфигурациясы бойынша бұнымен бір ғана ел айналыспайды, бұл арнайы жобалау тобы болады. Ал ықтимал саяси тәуекелдер олардың пайда болуы барысында, яғни жобалау процесінде қаралатын болады. Егер ондай жағдай туындаса, әрине, түрлі компаниялармен, түрлі елдермен жасалған келісімшарттарда санкциялық үлес қарастырылады», — деп мәлімдеді Скляр.

АҚПАРАТ KAZTAG.KZ САЙТЫНАН АУДАРЫЛҒАН