Қазақстанда жаңа мерекелер пайда болады

Қазақстанда 8 жаңа кәсіби мереке пайда болады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Кәсіби мерекелер тізбесін бекіту туралы» премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №258 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасын әзірледі.

Кәсіби мерекелер тізбесін келесідей атаулы күндермен толықтыруды көздейді:

  1. 28 қаңтар – Қаржылық мониторингі органдарының күні;
  2. шілденің бірінші жексенбісі – Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні;
  3. тамыздың бірінші жексенбісі – Теміржол көлігі қызметкерлерінің күні;
  4. қыркүйектің екінші жексенбісі – Бақылау өлшеу аспаптары және автоматика саласы қызметкерлерінің күні;
  5. 2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні;
  6. қазанның соңғы жексенбісі – Автомобиль көлігі қызметкерлерінің күні;
  7. 10 қараша – Бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлерінің күні;
  8. 13 желтоқсан – Қылмыстық-атқару жүйесі күні.

Бұдан басқа Ұлттық баспасөз күні мен Радио күні бүған дейін Үкіметтің 2024 жылғы 16 тамыздағы №668 қаулысымен бекітілуіне байланысты, аталған мерекелер қайталануды болдырмау мақсатында осы тізбеден алып тастау жоспарланып отыр.

Жаңа кәсіптік мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарға тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастамашылық жасады.