Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов теңгенің құнсыздануына негіз жоқтығын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Біздің жыл бойы байқап отырғанымыз — жалпы инфляция бойынша күтулер болуы үшін, соңғы үш жылда БАҚ-та әр түрлі сарапшылар тым жоғары бағам болады деп айтқан, бірақ ол үнемі болған емес. Шын мәнісінде бізде девальвация көптен бері болған жоқ, өздеріңіз білесіздер, өйткені девальвацияның әрқашан нақты іргелі негіздері болуы тиіс, қазір, әрине, олар жоқ. Сіздер біздің экспорттың қайда екенін көріп отырсыздар — биыл экспорт өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Импорт төмендеді. Бізде бүгінде сауда балансы анағұрлым салауатты. Сондықтан қазір бізде девальвацияға ешқандай негіз жоқ «, — деді Қасенов бейсенбі күні Сенат отырысында.
Еске сала кетейік, 2013 жылы 10 маусымда сол кездегі ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев «Теңгенің құнсыздануына негіз жоқ» деп айтқан болатын. Ол кезде доллардың бағасы 151 теңге болса, 1 жылдан кейін 183 теңгені құрады.
2019 жылдың 15 мамырында «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк та теңге құнсызданбайтынын айтып өткен. 2019 жылдың мамырында доллар 380 теңге болса, 1 жылдан кейін 420 теңгеге дейін өсті.
Қазіргі таңда доллар 491 теңгеден сатылуда.
ПІКІР ЖАЗУ