Президент Тоқаев есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына түзетулер енгізілді.
Түзетулер есірткі өндіру және сату үшін жауапкершілікке қатысты. Мәселен, есірткіні дайындағаны, қайта өңдегені және өндіргені үшін лауазымды адамдар 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін.
Сонымен қатар, заңда «закладчик» деп аталатындардың жазасы жеңілдетілді. Заңда мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген (бұрын мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін болған).
ПІКІР ЖАЗУ