Қазақстанда несиеге қатысты жаңа шектеулер енгізілмек

ақша
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда кепілсіз тұтынушылық несиелер мен шағын несиелердің шекті мөлшері шектелуі мүмкін, деп хабарлайды Ozgeris.info.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «Тұтынушылық банктік қарыз және тұтынушылық микрокредит сомасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, қазақстандықтар банктерде және МҚҰ-да кепілсіз ресімдей алатын кредиттер сомасын шектеу ұсынылады.

Екінші деңгейдегі банктерден кепілсіз кредит сомасын 2200 АЕК (8 122 400 теңге) дейін шектеу ұсынылады. Кепілсіз микрокредит бойынша — тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1000 АЕК-тен (4 061 200 теңге) аспайды. Жаңа нормалар кепіл салынған несиелерге әсер етпейді.

Қоғамдық талқылау 31 шілдеге дейін жалғасады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Назван продукт, спасающий сосуды лучше лекарств
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы