Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бірнеше трассасында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Қазавтожол» ақпараты бойынша, 2024 жылғы 15 желтоқсанда ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді:
Түркістан облысы. Сағат 14: 00-ден бастап «Алматы-Ташкент-Термез» (620-663 км, Рысқұлов ауылы — Қарабұлақ ауылы) жол учаскесінде жүк көлігінің қозғалысы шектелді.
Алматы облысы. Сағат 17: 00-ден бастап «Алматы-Тау турбазасына кіреберіс» (0-15 км, Тұздыбастау кенті — Бесқайнар кенті) жол учаскесінде жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Алдын ала шектеулер 17 желтоқсанда сағат 07:00 дейін қолданылады.
Бұдан бұрын Түркістан және Жамбыл облыстарының бірнеше трассаларында шектеулер енгізілген болатын.
ПІКІР ЖАЗУ