Қазақстанда ең төменгі жалақыны 130 мың теңгеге көтеру қарастырылуда

жалақы
Фото: gov.kz

Үкімет ең төменгі жалақыны белгілеуге қатысты конвенцияны ратификациялауға ниетті. Министрлер кабинеті «Ашық НҚА» сайтында тиісті заң жобасы қоғамдық талқылау шықты, деп хабарлайды Ozgeris.Info тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Заң жобасы қабылданса, Қазақстандағы ең төменгі жалақы 129 731 теңге 50 тиын болады.

Бұл сома халықаралық еңбек ұйымының бас конференциясында қабылданған дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы конвенциядан шықты.

Конвенция бойынша ең төменгі жалақы деңгейін анықтау кезінде бірнеше фактор ескеріледі:

  • Елдегі жалақының жалпы деңгейін, өмір сүру құнын, әлеуметтік төлем және басқа әлеуметтік топтардың салыстырмалы өмір сүру деңгейін ескере отырып, жұмысшылар мен олардың отбасыларының қажеттіліктері;
  • Экономикалық даму талаптарын, өнімділік деңгейлерін және жұмысбастылықтың жоғары деңгейіне қол жеткізу мен қолдауды қажет ететін экономикалық пікірлер.

Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған заң жобасына түсіндірме хатта жобаны қабылдауға халықаралық шарттары әсер еткені айтылады.