Қазақстанда бірнеше АЭС салынуы мүмкін

АЭС
Фото: Unsplash

Қазақстанда бірнеше атом станциясы салынуы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Біз, энергетика министрлігі, референдум туралы сөз қозғағанда, елімізде бір ғана атом станциясын салу туралы мәселені көтеріп отқан жоқпыз», — деді ол.

Министрдің айтуынша, жалпы алғанда атом энергетикасын және атом индустриясын дамыту туралы ойланамыз.

Бұған дейін Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның солтүстігіне, оңтүстігіне және батысына кемінде үш атом электр станциясы қажет екенін айтқан болатын.

Референдумның қашан өтетіні шамамен тамыз айында айтылады

Айта кетейік, 27 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу бойынша референдум биыл күзде өтетінін мәлімдеген болатын.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)