Қазақстанда атом электр станциясы іске қосылғаннан кейін кемінде екі мың адам тұрақты жұмысқа ие болады. Бұл ретте жақын арада АЭС құрылысы кезеңінде бес мыңға жуық маман қажет болады.
Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев құрылыс жұмыстарының шарықтау шегінде 2032 жылға қарай жұмысшылар саны 10 мыңға дейін өсетінін хабарлады.
«АЭС құрылысын қолдауға отандық колледждер базасында АЭС үшін персоналды даярлау үшін мамандандырылған мамандықтар құрылады: дозиметрші, бу турбиналы жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарь, атом станцияларының механикалық жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі маман, атом станцияларындағы ақпараттық технологиялар саласындағы маман», — деп хабарлады Энергетика министрлігінің басшысы.
ПІКІР ЖАЗУ