Түркия БҰҰ-ға 52 мемлекет, сондай-ақ екі халықаралық ұйым тарапынан үндеу жазылған хатты тапсырды. Израильге қарсы қару-жарақ эмбаргосын енгізу, деп хабарлайды ozgeris.info.
Anadolu Ajansı агенттігінің хабарлауынша, бұған дейін Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фиданның ұсынысы бойынша БҰҰ-ға Израильге қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатуды тоқтату мәселесіне халықаралық жұртшылықтың назарын аудару мақсатында бірлескен үндеу туралы бастама көтерілген болатын.
Бұл бастама Израильге қару мен оқ-дәрілерді сатуды тоқтату арқылы оккупацияланған Палестина аумақтарында, әсіресе Газа секторында халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқығын қоса алғанда, Израильдің халықаралық құқық нормаларын бұзуын болдырмауға бағытталған.
Хатта Газаны қоса алғанда, оккупацияланған Палестина аумақтарында, сондай-ақ Ливан мен Таяу Шығыстың басқа да аудандарында зорлық-зомбылық пен халықаралық құқық бұзушылықтардың өршіп бара жатқанына алаңдаушылық білдіріледі.
Хатта Израильдің іс-қимылы нәтижесінде азаматтық халық, негізінен әйелдер мен балалар арасында қаза тапқандар саны күн сайын артып келе жатқаны атап өтілген. Осы қауіпті үрдісті тоқтату үшін шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі көрсетілді.
Бірінші қарашада хат Ұлыбританияның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ететін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке және БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Филимон Янгқа берілді.
Түркия Тель-Авивтің өңірдегі, әсіресе Газа секторындағы әскери саясаты алдында Израильге жеткізілімдер мен оқ-дәрілерді дереу тоқтатуды халықаралық қоғамдастықтың заңды міндеттемесі мен моральдық борышы деп санайды.
Хатқа қол қойған елдердің ішінде Түркия, Палестина, Бахрейн, Бангладеш, Біріккен Араб Әмірліктері, Боливия, Бразилия, Бруней-Даруссалам, Буркина-Фасо, Алжир, Джибути, Қытай Халық Республикасы, Индонезия, Марокко, Гамбия, Оңтүстік Африка, Ирак, Иран, Катар, Қазақстан, Қырғызстан, Колумбия, Комор аралдары одағы, Кувейт, Куба, Ливия, Ливан, Мальдив, Малайзия, Мексика, Египет, Мавритания, Намибия, Нигерия, Никарагуа, Норвегия, Пәкістан, Ресей, Сент-Винсент және Гренадиндер, Сан-Томе және Принсипи, Сенегал, Сомали, Судан, Сауд Арабиясы, Чили, Тунис, Оман, Иордания, Венесуэла, Вьетнам, Йемен және Зимбабве.
Құжатқа Араб мемлекеттері лигасы (ЛАГ) мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) қол қойды.
Ақпарат inform.kz сайтынан алынған.
ПІКІР ЖАЗУ