Қазақстан әскері: Тағы бір сарбаз қайтыс болды

Ақмола облысы Степногорск қаласындағы өрт сөндіру бөлімінің жатақханасынан 21 жастағы лейтенанттың мәйіті табылды, деп хабарлады Ozgeris.info.

Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Әлеуметтік желідегі  Nayzakoksheпарақшасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, 21 жастағы лейтенант асылып өлген.

«Полиция департаменті осы фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Қазір жедел тергеу шаралары жүріп жатыр. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды», — деп хабарлайды полиция департаменті.