Қазақ футболшысы түркиялық клубтың капитаны болды

Фото: instagram.com/aimbetov9507

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Абат Айымбетов түркиялық «Адана Демирспор» командасының капитаны ретінде алаңға шықты, — деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Адана Демирспор» клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында әзербайжандық «Сумгайыт» клубымен жолдастық кездесу өткізді. Бұл ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. «Адана Демирспор» cапынан Юсуф Бараси дубль авторы атанса, «Сумгайыт» командасынан Рагим Садыхов пен Никола Вуйнович гол соқты.

Матчқа Абат Айымбетов те қатысты. Қазақстандық футболшының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған суреттерге сүйенсек, ол капитан ретінде ойнаған.

Айта кетейік, Абат Айымбетов өткен маусымда «Адана Демирспор» сапында 9 матч өткізіп, 1 гол соқты. Ол Түркия чемпионатының 37-туры аясында «Антальяспорға» қарсы ойынның 65-минутында мергендік танытқан еді. Айымбетов түркиялық клубқа ақпанда ауысты. Футболшы клубпен 1,5+1 жүйесі бойынша келісімшартқа отырған болатын.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…