Қатыгез алдау: Алаяқ Instagram арқылы ақша жинап, балалардың азап шегуінен пайда көрді

Инстаграм
iz.ru

Алматы облысының полиция қызметкерлері Шымкент тұрғынын Талғар ауданындағы балаларды емдеуге жалған қаражат жинауға байланысты алаяқтық жасағаны үшін ұстады,деп хабарлайды ozgeris.info.

Алаяқ қатерлі ісікке шалдыққан балалардың суреттерін пайдаланып Instagram парақшасын жасап,ақша жымқырған . Облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Аленовтың айтуынша, қаскүнем жалған шотқа 6 мыңға жуық ақша аударып, 32 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті қамауда отыр. Полиция оның басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруді жалғастыруда.

Деректер Instagram/baurzhan__alenov парақшасынан алыған.