DOPE SOZ YouTube арнасында теолог, Исламтанушы Асқар Сабдинмен подкаст шықты. Подкастта діни радикализм, кредит, Наурыз мейрамы туралы әңгімелер қозғалды.
Асқар Сабдин подкастта Каспи Банк басында Ислами банк болғанын айтты.
100% Ислам қаржысымен жұмыс істейтін әлемдегі ең үлкен банк — Сауд Аравиялық «Әл-Раджхи» деген банк. Сол банк бізге де келген ғой кезінде, Камал Абдул Салех деген 90 жылдарда 100 миллион доллар иневстиция алып келіп, «Әл-Барака Қазақстан» деген банк ашылған. Бірақ кейін біздің заң жүйесіне өзгертулер ол кезде еңгізілмеді, ол сол банкті сатты. Ол қазіргі «Каспи Банк», қателеспесем, — дейді Асқар Сабдин.
Оның айтуынша, «Каспи Банк» — «Әл-Барака Қазақстан» банкінің мұрагері болып саналады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ