«Кәсіпкерлерге ауыр соққы»: Қазақстан бухгалтерлері салық реформасына байланысты Тоқаевқа жүгінді

Фото: Depositphotos

Бухгалтерлер мен аудиторлар альянсы президенттен салық реформасын қайта қарауды сұрады. Олардың пікірінше, бұл реформа шағын және орта бизнесті күйретуі мүмкін.

«ҚҚС шегін 15 миллион теңгеге дейін төмендету және оның мөлшерлемесін арттыру – кәсіпкерлерге ауыр соққы. Бұл бухгалтерлер тапшылығын тудырып, бизнестің жаппай жабылуына әкеледі», – делінген халықаралық бизнес-клуб «Алтын Орданың» YouTube-арнасында жарияланған үндеуде.

Елде екі миллионға жуық кәсіпкер жұмыс істейді, ал бухгалтерлер саны 300 мың ғана. ҚҚС шегін төмендету нәтижесінде бұрын жеңілдетілген тәртіппен жұмыс істеген шағын компаниялар да салық төлеушіге айналады.

«Бұл жай ғана қиындық емес, бұл – апат. Егер реформа күшіне енсе, бухгалтер тапшылығы 500 мың адамнан кем болмайды. Есепті кім жүргізеді? Бұл жүктемені кім көтереді? Бизнес мұны көтере алмайды», – деп мәлімдеді альянс өкілдері.

Бухгалтерлер Қазақстанның Салық кодексі соңғы жеті жылда жүздеген рет өзгергенін еске салды. Бұл бизнестің ұзақ мерзімді жоспарлауын мүмкін емес етеді.

«Жаңа Салық кодексі жыл сайын өзгермей, тұрақты жұмыс істегенін қалаймыз. Бизнеске үздіксіз өзгерістер емес, болжамды жағдай қажет», – деді альянс мүшелері.

Үндеу авторлары президенттен экономиканы дамытуға мүмкіндік беретін, мыңдаған жұмыс орнын қауіпке тікпейтін шешім қабылдауды сұрады.

АҚПАРАТ ORDA ПОРТАЛЫНАН АУДАРЫЛҒАН

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!