«Қашан ұшатынымыз белгісіз»: Журналист SCAT әуекомпаниясының қызметіне шағымданды (ФОТО, ВИДЕО)

Коллаж: ozgeris.info

SCAT әуекомпаниясының басы тағы да дауға қалды. Журналист Сырым Итқұлов өзінің жеке парақшасында аталмыш комания тудырған келеңсіздіктер туралы жазды, — деп хабарлайды ozgeris.info.

«Біздің сүйікті SCAT рейстің кестесін өзгертіп, күні бойы әуежайда ұстады: оның 3 сағаты кондиционері ұшақта өтті. Ал қалған уақытты ешқайда қозғалмайтын автобуста өткіздік.

Ақыры түнгі 23:00-де ғана бізді қонақүйге әкелді. Пхукет бізді жібермей жатыр. Қашан ұшатынымыз белгісіз», — деп жазды журналист.

Сырымның сөзінше, бұл әуекомпаниясына сөз шығындап, шағым жаза берудің өзі артық.

«Құрметті SCAT, жылдар бойы жиған «абыройларыңыздың» арқасында сіздерге бірдеңе деп жазудың өзі артық. Бәрі онсыз да түсінікті.

Желідегілердің жазғанына сүйенсем, мұндай «демалыс мерзімін ұзартуға» тап болғандардың қарасы көп екен. Соңғы кездері осындай жағдайлар AirAstana команиясында да жиі кездесіп жүр», — деп түйіндеді ол.