Қарағандыда жолдың жөнделуіне байланысты тұрғын үйде жарықтар пайда болды

Фото: Instagram/@narodnyi.control.krg

Narodnyi.control.krg Instagram парақшасында Қарағанды қаласының Ужгородская көшесінде асфальт салынғанының кесірінен тұрғын үйлерде жарықшақ шыққаны айтылды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Сәлеметсіз бе! Бізде жағдай мынадай, Майқұдықта Ужгородская көшесінде асфальт сала бастады. Бірақ мәселе мынада, катоктың таптауынан Ужгородская 25 үйінің көшесінен жарықтар шығып бастады. Асфальт болғаны жақсы, бірақ тұрғындарға не істесе болады? Бізге материалдық зиян келтіреді, барлық құдықтарды өз техникаларымен сындырады, су құбыры мен кәріз қақпақтары сынған. Бізге біреуін түзесе, екіншісіне зиян келтіреді. Шара қолданып, бәрін қалпына келтіруді өтінеміз «, деді Майқұдық тұрғыны.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Народный Контроль Караганды (@narodnyi.control.krg)