Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының Томар ауылында өрт салдарынан жергілікті мешіт өртенді, деп хабарлады ozgeris.info тілшісі «Бірінші Қарағанды» телеарнасына сілтеме жасап.
Құлшылық жасайтын орын толығымен жанып кеткен. Өрт кешкі уақытта ғимарат бос болған кезде басталған. Жалын жылдам таралып, қою түтін алыстан көрінген.
Жергілікті тұрғындар құтқарушылар келгенге дейін өртті өздері сөндіруге тырысқан. Бірақ алапат өрт әп-сәтте шарпып үлгерген. Әлеуметтік желідегі тараған видеода оқиға орнына өрт сөндірушілер дер кезінде жетпегені айтылады.
Бұл мешіт ауыл халқы үшін маңызды рухани орталық болған.
Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ