«Қар аралас жаңбыр, көктайғақ, тұман»: қазанда елімізде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер қазан айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазанның ортасында елдің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болып, тұман түседі деп болжанды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, қазан айының алғашқы онкүндігінде республиканың көп бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, 15-25 м/с дейін желдің күшеюі болжанып отыр.

Еліміздің солтүстік жартысында, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі уақытта жаңбыр қар аралас жаңбырға ауысуы мүмкін. Кей күндері антициклонның әсерінен жауын-шашын болмайды. Бірінші онкүндіктің басында ауа температурасының төмендейді. Атап айтқанда, республиканың батысында ауа температурасы түнде +3…+12°С-тан -3…+5°С-қа дейін, күндіз +18…+27°С-тан +13…+22°С-қа дейін; солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста түнде 0…+8°С-тан -1…-6°С-қа дейін, күндіз +17…+25°С-тан +5…+13°С-қа дейін төмендейді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом