«Қайрат» футбол клубының бапкері Александр Кержаков қызметінен кетті

Кержаков
Фото: @a.kerzhakov11/Instagram

Алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Александр Кержаков өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

«Ресейлік маманмен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды. Онымен бірге оның көмекшілері Владимир Казаков пен Руслан Аджинджал да клубтан кетеді. Александр Анатольевичке атқарған жұмысына алғыс айта отырып, мансап жолында одан әрі табыс тілейміз!», – делінген футбол клубының хабарламасында.

Айта кетейік, Кержаков «Қайратқа» мамыр айының соңында келген. Оның жетекшілігімен команда 12 матч өткізіп, 6 рет жеңіске жетіп, 3 рет тең түсіп, 3 рет қарсыластарына есе жіберді.

Сарапшылардың пікірінше, Кержаков 1 қыркүйек күні «Астанадан» жеңіліс тапқаннан кейін өз еркімен қызметінен кетуді шешті.