«Қайрат, Әбдіжаппар үшеуміз демалуды ойлағанбыз»: Тұрсынбек Қабатов не үшін түрмеге түскендерін айтты

Фото: видеодан кадр

Ұшақта бортсерікті балағаттап, бес тәулікке темір торға тоғытылған Тұрсынбек Қабатов әзілімен елді күлкіге қарық қылды, — деп хабарлайды Ozgeris.info.

Әзілкеш Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожа үшеуі не үшін бір уақытта заң бұзып, түрмеге түскендерін айтып берді.

“Негізі жақсы сөйлеу керек екен. Қайрат, Әбдіжаппар үшеуіміз бір жерде отырдық қой. Концерттерден, той-томалақтардан шаршап кеттік. «Бір демалу керек еді» деп әңгімелесіп отырғанбыз. Негізі демалатын басқа жерді ойлағанбыз. Ана жақты ойламадық. Сөйтіп демалып келдік. Мен бес күн сұрап алдым. Қайрат қатты шаршаған-ау 15 күн сұрап алды. Әбдіжаппар 10 күн алыпты. Негізі жақсы жігіттер ғой. Ерке жігіттерді халық қолдайды. Жігіттер демалып жатыр», – деді актер.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айының соңында әзілкеш әрі актер Тұрсынбек Қабатовтың үстінен де қылмыстық іс қозғалған еді.

“Сотта ол бортсеріктің нашар қызметіне көңілі толмайтынын айтып, оларға өз ескертуін білдірген. Ол өзінің әдепсіз сөз айтқаны немесе айтпағаны есінде жоқ екенін алға тартқан, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұраған. Әзілкеш 5 тәулікке қамалды” – делінген еді ресми мәлімдемеде.

Араға уақыт салып өнердегі әріптесі Қайрат Нұртас та ұшақта төбелес шығарып қамауға алынды. Көп ұзамай тәртіп бұзған белгілі әнші Әбдіжаппар Әлқожа да бұзақы жұлдыздардың қатарын толықтырды.