Қазақстандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан мен блогер Нагима Настевич, яғни Нагимуша, Казнетті жаңа бейнелерімен қызыққа батырды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Қысқа бейнероликте олар «Tateler» әнінің әуеніне би билеп, қатаң «татешка» бейнесінде бірден қайта түлеп шықты. Би арқылы олар өзін ұстай алмай, билегісі келетін «татешкаларды» шынайы жеткізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Біз кеше офлайн танысып, мен шын мәнінде таңғалдым! Ақылды, заманауи, ашық, өте креативті. Бірақ мені Нагиманың ішкі еркіндігі мен бейнеге жеңіл еніп кетуі қатты қуантты,»-деп бөлісті Динара Сәтжан.
Қолданушылар бейнероликке пікір білдіріп, мәз-мейрам болды.
ПІКІР ЖАЗУ