Ел бойынша шағын бизнесті тексеру жөніндегі президенттің мораторий қойғанына қарамастан кейбір өңірлерде кәсіпкерлердің қысымға тап болып, заңсыз тексеру фактілерінің өкінішке қарай орын алып жатқанын бұқаралық ақпарат құралдарынан оқып та жүрміз. Жоғарыда аталған келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы «Әлемде экономиканың қозғаушы күші, әрі драйвері болған кәсіпкерлік бізде де қозғаушы күш болу керек. Мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез келген заңсыз араласуы, бизнесмендердің жұмысына кедергі келтіру мемлекетке қарсы жасалған ауыр қылмыс ретінде бағалануы керек. Өркендеп өсуіне кедергі келтірмей, аяғынан шалмай, жағымсыз іс әрекеттер мен заңбұзушылықтарды болдырмай қолдау керкек. Бүгінде кәсіпкерлерді мемлекеттік құрылымдардан бөлек, қоғамдағы әртүрлі топтар да өз мүддесіне қарай бизнесті тулақтай тартуға дайын тұр. Болашақта заңды бизнес өкілдеріне қарсы заңбұзушылықтар анықталған жағдайда жедел түрде жолы кесілсін» деп барлық деңгейдегі Прокуратурасына тапсырма берген. Президенттің прокуратураға берген тапсырмасына сәйкес республика көлемінде құрамында әр деңгейдегі прокуратура қызметкерлері мен жергілікті атқарушы билік органдарының, қызметінің басым бағыты кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін заң аясында қорғау болып табылатын Атамекен Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының өкілдері кіретін, туындаған келеңсіздіктердің жолын кесетін мобильді топ жұмыс жасайды.
Осы күнге дейін іскер азаматтар заңбұзушылықтар жайлы Мобильді жұмыс тобына құқықтарын қорғау үшін Прокуратура мен Атамекеннің кеңселеріне келіп арызданса, бұдан былай заңсыз тексеруге тап болған кәсіпкер QR-ды сканерлеу арқылы арнайы сайтта шағым қалдырып, жағдайға байланысты фото, бейне түсірілім түріндегі дәлелдерін жүктей алады. Цифрлы технологиямен жолданған шағым тиісті органға әп-сәтте түседі.
Құрметті Қаратал ауданының кәсіпкерлер қауымы егерде қандайда бір келеңсіз жағдайға тап болып, құқықтарыңыз бұзылған жағдайда аудан прокуратурасымен аудандық кәсіпкерлер палатасының филиалы бірлесіп жасалған QR – кодты сканерлеп мобилді топ мүшесімен тез арада байланыса аласыздар.
PS: Елі барда ер қор болмас, Ері барда ел қор болмас, — демекші бәріміз елдің ертеңімен мемлекеттің мүдесі үшін заңды қызмет етейік демекпін сөз соңында.
Қобыланды Абенов
ПІКІР ЖАЗУ