Көкшетаудағы теміржол саяжайын су басып қалды. Бұл туралы саяжай иелері әлеуметтік желіде жариялады.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Шағалалы су қоймасынан су ағызу барысында 53 теміржол саяжайын су басып қалған.
«Шағалалы су қоймасынан секундына 90 текше метрге дейін су ағызылуына байланысты бүгін 4-ші сәуірде 53 теміржол саяжайын су басып қалды. Бұл жыл сайын су ағызу кезінде болатын құбылыс. Су жасыл желектер аймағын басып қалды, онда жұмыс істеу мүмкін емес. Жалпы саяжай массивінде барлығы 243 саяжай бар. Саяжай учаскелерінің иелері алдын ала хабардар етілді, ешкім зардап шеккен жоқ. Барлығы жергілікті атқарушы органдардың бақылауында», — деп түсіндірді Kazinform тілшісінің сауалына қалалық әкімдіктен.
Фото: kokshe_city_03
ПІКІР ЖАЗУ