Ұлттық қауіпсіздік комитеті көршілес мемлекеттердің арнайы қызметтерімен бірлесіп халықаралық есірткі тасымалы арнасының жолын кесті, — деп хабарлайды ozgeris.info ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми мәлімет бойынша, 250 литр «метамфетамин» есірткі заты түріндегі заңсыз жүк әртүрлі маркадағы сусындарға жасырылған және Қазақстан аумағы арқылы Ресейге транзитпен өткен.
«Мәскеу облысында осы өнімді өткізу кезінде өзара әрекеттесу нәтижесінде трансұлттық есірткі тобының екі мүшесі ұсталды, сонымен қатар ұсталған тұлғалардан есірткіні сұйықтықтан алуға арналған құрал-жабдықтар тәркіленді», — деп хабарлады Ұлттық ведомствоның баспасөз қызметі.
ПІКІР ЖАЗУ