Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі Түркияның құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесіп, іздеуде жүрген екі қазақстандықты ұстады.
Комитеттің мәліметінше, күдіктілер алтынның экономикалық контрабандасын, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрған.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі Түркияның құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесе іздеуде жүрген екі Қазақстанның азаматын ұстады және 2024 жылғы 3 сәуірде Ыстамбұл қаласынан Алматы қаласына этаппен жіберілді. Олар аса ірі мөлшерде алтынның экономикалық контрабандасын, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және басшылық жасады деген күдікпен тергеу изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
ПІКІР ЖАЗУ