Ішінде Қазақстан азаматтары да бар: Каирде туристер мінген автобусты таспен атқылаған (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Каирге автобуспен экскурсияға бара жатқан туристер төтенше жағдайға тап болды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Видео кадрларына сүйенсек, автобустың іші қанға боялған. Кейбір туристер ауруханаға жеткізіліп, ем алуға мәжбүр болған. Ішінде Қазақстан мен Ресей азаматтары да бар.

Оқиға орнына полиция келді. Туристер мұражайды аралап, Ніл өзені бойымен жүзіп, түскі ас ішіп үлгерген. Кейін пирамидаға бет алған кезде автобусты таспен атқылаған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Lola (@1derlust207)