Ішінде оқушылар бар: Алматы облысында ауыл мектебінің автобусы батпаққа батып қалған

Алматы облысына қарасты Қызылту ауылында балалар таситын автобус батпаққа батып қалды.

Батпаққа батып, шыға алмай тұрған мектеп автобусына қатысты видео әлеуметтік желіде тараған. Видео авторының айтуынша, автобустың іші балаға толы.

Аталмыш оқиғаға байланысты Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі түсінік берді.

Ведомство мәліметінше, жақында Қызылту ауылының Көкжиек көшесінде су құбырын тарту жұмыстары жүргізілген.

«Осыған байланысты 20 қыркүйек күні мектеп автобусы батпаққа батып қалған. Көше негізінен қиыршық тастан тұрады. Қазіргі таңда жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін қосымша балласт пен құм-қиыршықтас қоспасын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселе бақылауда», — деп хабарлады аудандық бөлімнен.

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!