«Іш киімін шешіп тексерген»: Полиция тергеу барысында қазақстандық журналист Сандуғаш Дүйсенованың тінтілгенін растады

Полиция тергеуде іш киімін шештіріп тексеріп, видеоға түсірген темір тордағы журналист Сандуғаш Дүйсеноваға байланысты пікір білдірді. Айтуынша оны тек төрт әйел қызметкер тексерген. 

БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Д. ұстау кезінде полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттер орын алған туралы ақпарат таратылған еді. Осыған байланысты полиция журналистті іш киіміне дейін шешіп тінтігендерін растады.

“11 тамызда соттың санкциясымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында  аз. Д. жеке тінтуі жүргізілгенін хабарлаймыз. Жеке тінту рәсімі тергеуші, криминалист және екі куәгердің қатысуымен (барлығы тiнтілген адаммен бір жынысты) Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылды. Осы тергеу әрекетін жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды (бейнекамера) қолдану міндетті және ҚПК-мен реттеледі.”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар құқық қорғаушыар тінту кезінде тыйым салынған заттардың табылмағанын жеткізді.