Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет істемей қалғанда қандай шара қолданатынын айтып берді.
«Бағдат Батырбекұлы, сіз қандай ұялы байланыс операторын қолданасыз? Сізде интернет істемей қалатын, ұялы байланысыңыз ұстамайтын жағдай жиі бола ма?» деген сұрақ қойды тілшілер Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
«Мен екі ұялы байланыс операторын қолданамын, 2 sim-картам бар. Біріншіден, бұл тексеріс жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы. Екіншіден, көбіне жұмыста боламын. Сондай-ақ үйде де негізінен wi-fi қолданамын. Сондықтан жалпы мұндай үлкен проблемаға тап болмаймын. Бірақ ондай мәселе туындағанда тиісті өтінішпен біздің радиомониторинг жүргізетін мекемеге жүгінемін. Сол мекемені жіберемін. Олар сондағы ақауды өлшеп, сол өлшем бойынша (ұялы байланыс операторына – ред.) айыппұл салады», — деп жауап берді министр.
Сондай-ақ министр операторлармен сол жердегі сапасыз интернет мәселесін шешу бойынша жұмыс істейді.
ПІКІР ЖАЗУ