Илон Масктің компаниясы миына чип салған алғашқы адам ой күшімен шахмат ойнады

Илон Масктің Neuralink компаниясы жүзеге асырып жатқан жобада тағы бір жетістік. Миына чип кіріктірілген науқас шахмат ойнады. Бұл жайында X (Twitter) желісінде кәсіпкердің өзі хабарлады. 

Еске сала кетейік, Илон Масктың Neuralink компаниясы былтыр адамға чип салуға рұқсат алған

Сөйтіп алғаш рет биыл қаңтарда адам миына имплантация жасап, чип салған болатын.

Кеше Neuralink чипі бар науқас өмірінде бірінші рет шахмат ойнап көрді. Ойынның трансляциясы компанияның әлеуметтік желідегі парақшаларынан көрсетілді.

29 жастағы Нолан Арбо сал болып туған, иығынан төмен ештеңе сезбейді.

Жас жігіт шахмат ойнағанды ұнатады, бірақ оған мүмкіндігі ешқашан болмаған еді.

Видеодан оның чиптің көмегімен компьютер экранындағы шахмат тақтасында курсор мен фигураларды ой күшімен жылжытқанын көруге болады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…