Илон Маск Рамзан Қадыровпен хат алысқаннан кейін атын ауыстырды

Фото: knews.kg

Илон Маск Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровпен хат алысқаннан кейін Twitter-дегі парақшасындағы лақап атын әйелдің есімімен «Илона» деп өзгертті, деп хабарлайды «ozgeris.info» «BaigeNews.kz»-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін америкалық миллиардер Ресей Президентін дуэльге шақырған болатын. Бұл шақыруға «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының басшысы Дмитрий Рогозин мен Шешенстан президенті Рамзан Қадыров жауап берді.

«Илон Маск, мен саған Путинмен бәсекеге түсуге кеңес бермес едім. Салмақ категорияларың тым бөлек. Және бұл тіпті жекпе-жек немесе, мысалы, дзюдо туралы да емес. Оны қалай елестетесің? Рингтің қызыл бұрышында тұрсың: сен — бизнесмен және Twitter блогерісің, ал Путин көгілдір киімде — әлемдік саясаткер, стратег, Батыс пен АҚШ-тың «найзағайы». Владимир Владимирович әлсіз қарсыласын жеңген кезде спорт жағынан көрінбейді. Сондықтан саған күш жинау керек, жұмсақ Илонадан қатыгез Илонаға айнал», — деп жазды Қадыров өзінің Telegram-арнасында.

Ол миллиардерді Шешенстандағы оқу-жаттығу жиындарына және Ресейдегі әскери университеттерге арнайы дайындықтан өтуге шақырды.

SpaceX басшысы Қадыровтың жазбасына атын Илона деп өзгертіп, тағы бір твит жазды: «Ұсынысыңызға рақмет, бірақ мұндай керемет жаттығу маған тым көп артықшылық береді. Бұған қарамастан мен тек сол қолымды пайдалануға дайынмын. Мен солақай емеспін», — деп жазды Маск.

 

«ozgeris.info».