Илон Маск Еуропа мен Азияның жойылуын болжады

ашық дереккөзден

Әлемдегі ең бай адам Илон Маск бала туудың төмендігі мәселесін шешу керектігін ескертті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Питер Свиден атымен танымал журналист X әлеуметтік желісінде Еуропалықтарға бала тууды арттыру керектігін айтты.

«Еуропаны қайтадан ұлы қылайық.
Бізге бала тууды арттыру керек.
Барлық әйелдерге бала туғаны үшін орасан зор салық жеңілдіктерін беріңдер», — деп жазды журналист.

Илон Маск журналисттің бұл идеясын қолдап, Еуропа мен Азияның жойылуын болжады.

«Жасап көру керек. Бірдеңе өзгеруі керек, болмаса Еуропа мен Азия (және Жердің көп бөлігі) жойылады!» — деп жазды ол.