Ізгілік көмек көрсетуге жауапты агенттікке жасалған шабуыл Трамптың Маскқа үкіметтік департаменттер жұмысына өзгерістер енгізу және олардың екеуі де ысырапшылдық пен билікті асыра пайдалану деп санайтын шығындарға қарсы тұру үшін бұрын-соңды болмаған өкілеттіктер беруге ұмтылуының кезекті маңызды қадамы болды.
«USAID — қылмыстық ұйым», — деп жазды Tesla мен SpaceX иесі, миллиардер Маск өзіне тиесілі X платформасында. Ол бұл мәлімдемені USAID-ті «Орталық барлау агенттігінің (ЦРУ, -ред.) алаяқтық әрекеттеріне» және «интернет-цензурасына» қатысты деп айыптайтын видеоға жауап ретінде жасады.
Келесі жазбасында Маск одан да әріге барып, ешқандай дәлел келтірместен 215 миллион X жазылушысынан: «USAID сіздің салықтарыңыз есебінен COVID-19 секілді биологиялық қару зерттеулерін қаржыландырғанын және оның салдарынан миллиондаған адам көз жұмғанын білесіз бе?» — деп сұрады.
Ол бұл айыптауларды егжей-тегжейлі түсіндірмеді, ал бұрынғы әкімшілік өкілдері оларды Ресейдің жалған ақпарат тарату науқанымен байланыстырған.
Did you know that USAID, using YOUR tax dollars, funded bioweapon research, including COVID-19, that killed millions of people? https://t.co/YVwyKA7ifs
— Elon Musk (@elonmusk) February 2, 2025
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру