Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев Жеңіс күніне орай Мәскеуде өтетін салтанатты шараларға қатыспайды. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді, деп жазады ozgeris.info сайты Ulysmedia.kz порталына сілтеп.
«Бізге Әлиевтің келмейтіні туралы ақпарат келіп түсті. Ол ел ішінде Гейдар Әлиевке арналған шараларға қатысатынын жеткізді», – деді Ушаков.
Еске салайық, 10 мамыр – Әзербайжанның бұрынғы президенті, қазіргі ел басшысының әкесі Гейдар Әлиевтің туған күні.
Бұған дейін Жеңіс парадына Қазақстан президенті мен тағы 28 мемлекеттің басшысы қатысатыны хабарланған болатын.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру