ІІМ Шымкенттегі гүл дүкенін тонаған күдіктінің полиция инспекторы болғанын растады

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Шымкентте дүкен сатушысынан гүл тартып алып кеткен полиция қызметкеріне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы. 

«Біз осы болған оқиға туралы сіздер сияқты интернеттен көрдік, білдік. Сол күні тексеріс басталды. Өздеріңізге мәлімдеме бердік. Ол полиция қызметкерінің қылығы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленушінің арызы уақытында қабылданбағаны үшін өзіндік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ол жаққа барды, қазір тексеру жүріп жатыр. Олардың да жауапкершілігі қаралады», — деді Марат Қожаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар М.Қожаев күдікті прокуратура қызметкері еместігін айтты.

«Иә, олардың қызметкері еместігін растаймын. Гүлді алып кеткен азаматтың сол уақытта учаскелік полиция болғандығы шын. Реформа жүргізіп жатырмыз. Қызметкерлеріміз бізге аспаннан түскен жоқ. Олар да қоғам мүшелері. Қоғамда қандай процестер орын алса, полиция қатарында да сондай жүреді. Бізде 126 мыңнан астам қызметкер бар. Олардың арасында түрлі жағдай болып тұрады», — деді ол.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...