ІІМ мопедтерді тіркеу тәртібін түсіндірді

Фото: unsplash

Мопедті тіркеу үшін тұрғылықты жер бойынша арнайы ХҚКО-ға жеке басты куәландыратын құжаттар (электронды түрде) және мопедтің техникалық сипаттамасымен бірге жүгіну қажет.

Одан кейін өтініш толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, мемлекеттік алымдарды төлеу керек:

  • мопедті тіркеу – 0,25 АЕК;
  • тіркеу куәлігі – 1,25 АЕК;
  • мемлекеттік нөмір – 1,4 АЕК.

Егер VIN-код болмаса немесе шығарылған жылы белгісіз болса, бұл деректер тексерістен кейін беріледі. 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедті басқаруға тыйым салынады, ал айыппұл 10 АЕК мөлшерінде белгіленген (ӘҚБтК-нің 590-бабы).