ІІМ-нің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
«Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты 2024 жылғы 30 сәуірде бұрынғы ішкі істер министрі Е.З. Тургумбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 30 сәуірде Тұрғымбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды, кейін оны ҚР Бас прокуратурасында растады.
ПІКІР ЖАЗУ