Дереккөздердің мәліметінше, сенат депутаты Мұхтар Жөргенбаев хуторлық Хасан Қасымбаевтың туысы, — деп хабарлайды Dalanews.kz.
«Біздің дереккөздеріміздің мәліметінше, Алматы облысынан сайланған сенатор Мұхтар Жөргенбаев қамауға алынған Хасанның ағасы. Олардың анасы — туған апалы-сіңлі.
Қазіргі таңда тергеу барысында оның бұл жағдайға қаншалық әсер еткені тексеріліп жатыр. Ол Талғар аппаратының басшысын — Хасанның ағасын атышулы оқиғадан кейін жұмыстан қумауын сұраған деген ақпарат бар», — делінген дереккөз хабарламасында.
Айта кетейік, Мұхтар Жөргенбаев қазіргі таңда Сенат депутаттарының тізімінде тұр. Ол Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Алматы облысы Кеген ауданы Қарқара ауылында туған.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру