«Халық жауындай көрді»: Ақерке Бүркітбай атақ алып бәлеге қалған күйеуі туралы айтты

Фото: сұхбаттан скрин

Танымал әнші, қобызшы Ақерке Бүркітбай жары Әли Оқаповтың “Құрмет” орденін аламын деп басы дауға қалған сәтін есіне алды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Өнер иесінің сөзінше, сол кезең отбасы үшін ауыр соққы болғанын журналист Тимур Балымбетовке айтып берді.

“Тимур, сенің үйіңде отырғанда бәріміз Әлиді құттықтадық. Сол жерде фотоға түсіріп, желіге салдық. Негізі мен “сала бер, лайықсың!” деп айтып едім. Ертеңіне дау басталып кетті. Өзіміз де қорқып кеттік. Кореяда осындай шудан көп әртіс өздеріне қол жұмсап жатыр. Әлидің сол кездегі ішкі жағдайында қандай арпалыс болғанын біз сырттай көрдік. Қолымыздан келгенше, жанында болып, қолдауға тырыстық. Тіпті, дұрыс қолдап жатырмын ба, артық ештеңе айтып қоймадым ба деп те ойладым. Өте қиын кезең болды. Оны да жеңіл көретін адамдар болуы мүмкін. Оның ішінде анамыздың атына да өте ауыр сөз келді. Халық әртісі болмаса да, ешбір ана өзінің баласы үшін ондай сөз естімеуі керек», – деді қобызшы.

Сондай-ақ әншінің денсаулығы сыр беріп, ауырып қалған да көрінеді.

“Бұл жағдайға бір адамдардың да қатысы болуы мүмкін деп ойлаймын. Өйткені халық жауындай көрді. Сол оқиғадан кейін Әли бір апта нәр татпады, басын көтермеді. Көз алдымызда солып, өртеніп бара жатқандай болды. Анамыз үйіне шақырып, көңілімізді аулады. Ол кісі ештеңе болмағандай, шай-тамағын дайындап, Зейінді бақты. Аналық махаббатын сезіндіріп, қолдау білдірді. Өйткені 50 жыл сахнада жүргенде естімеген сөзі қалмаған. Ол ешкімнің сөзін көңіліне алмайды. Әлиге де соны айтып, еңсесін көтеруді өтінді», – деді әнші.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…