Grand Slam Астана: Қазақстан қоржынына 9 медаль және әлем чемпионатына сенімді қадам

фото: qazaqsporty.kz

Астанада дзюдодан өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Бұл дода – әлем чемпионаты алдындағы соңғы кезең. Қазақстан құрамасы рекордтық нәтижеге қол жеткізіп, 9 медаль еншіледі, деп хабарлайды ozgeris.info.

Күміс жүлде иегерлері:

  • Гусман Қырғызбаев (–66 кг)
  • Талғат Орынбасар (–60 кг)
  • Ерасыл Қажибаев (+100 кг)

Қола жүлде иегерлері:

  •  Мақжан Шамшадин
  • Аман Бақытжан
  • Абылайхан Жубаназар
  • Есет Қуанов
  • Бақжан Байтас
  • Марат Байқамұров

Қазақстандық дзюдошылардың бұл жетістігі — елдегі спорт жүйесінің даму қарқынын көрсетеді. Жаттығу үдерісіне заманауи әдістемелер енгізіліп, халықаралық тәжірибе кеңінен пайдаланылуда. Сонымен қатар, бапкерлер штабының талдауға негізделген жұмысы мен Федерация тарапынан жүргізіліп жатқан жүйелі қолдаудың нәтижесі байқалады.

Аталған турнир — әлем чемпионаты алдындағы шешуші сынақ саналды. Қазақстан құрамасы әлемдік аренада үздіктермен терезесі тең күресуге дайын екенін көрсетті.

Турнирдің ресми серіктесі – «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы. Компания қазақстандық спортты және халықаралық деңгейдегі жарыстарды дамытуға елеулі үлес қосып келеді.