Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, спорттық гимнастшы Нариман Құрбанов шаңырақ көтерді. Оның таңдауы әріптесі Аида Бауыржановаға түскен, деп хабарлайды ozgeris.info.
Кеше, яғни 8 қыркүйекте Аида Бауыржанова ұзатылды. Спорттық гимнастика өкілі сол сәттің видеосын Instagram-дағы парақшасына жүктеді.
Одан бөлек, спортшының қалыңдығының үйіне барған сәтін TikTok желісіндегі Жансая Айдосова есімді қолданушы да жүктеген.
Айта кетсек, қазақстандық спортшы Аида Бауыржанова Азия чемпионатында жекелей көпсайыстан 4-орын алып, Олимпиада лицензиясына қол жеткізе алмаған болатын. Бірақ еркін жаттығуда қола медаль иеленді. Ал Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарында жүлде иеленген тұңғыш қазақстандық спортшы атанды.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру