Футболдан Ұлттық құраманың 2025 жылғы Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының УЕФА Ұлттар лигасының алдағы маусымындағы қарсыластары анықталды, деп хабарлады ozgeris.info.

Ұлттық құрама күші жағынан үшінші және соңғы С лигасында ойнайды. Швейцарияның Сьон қаласында өткен жеребе қорытындысы бойынша Қазақстанмен бірге С3 тобына Швейцария, Люксембург, Армения және Лихтенштейн құрамалары кірді. Командалар бір-бірімен өз алаңында және сырт алаңда бір матчтан өткізеді.

С лигасының алты тобының жеңімпаздары жоғары дивизионға жолдама алады. Екінші орын алған екі үздік команда В лигасына шығу үшін плей-офф ойындарын өткізеді.

УЕФА Ұлттар лигасы 2025 жылдың ақпан айында басталады. Ойын кестесі кейінірек жарияланбақ. Өткен маусымдағы УЕФА әйелдер Ұлттар лигасының чемпионы Испания құрамасы болған еді. Бұл команда финалда Францияны 2:0 есебімен ұтқан болатын. Жеңімпаздар сапынан Айтана Бонмати мен Мориона Кальдентей гол соққан еді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...