«Фуралармен әкелді»: Ресейлік сарбаздардың жасырын жерленген жері табылды

видеодан кадр

Ресейлік командование Украинадағы соғыста қаза тапқан сарбаздардың санын жасыруы мүмкін

Олар мұны жеке басы анықталмағандардың жаппай жерлеуін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырады. Белгісіз жерде қазылып жатқан бауырлас зираттардың бейнежазбасын анонимді Supernova+ Telegram-арнасы жариялады.

Ресейліктердің жаппай жерленіп жатқаны туралы видео 3 ақпан күні таңертең желіде пайда болды. Кадр сыртында түсіріп жатқан ер адамның дауысы естіледі. Ол далада экскаваторлардың жұмыс істеп жатқанын айтады. Жанында жүк көліктерінің ұзын кезегі тұр, оператордың болжамынша, олардың ішінде қаза тапқан ресейліктер бар.

«Бұл – бауырлас зират. Анау тұрған – жүк көлігі. Ар жағында тағы бірнешеуі тұр. Бауырлас зираттар. Қысқасы, жігіттерді осында көміп, кейін із-түссіз жоғалды деп айтады. Осындай сұмдық болып жатыр», – дейді ер адам.

Видеода 4-5 экскаватордың тереңдігі шамамен 5 метр, ұзындығы 15-20 метр болатын ор қазып жатқаны көрінеді. Сондай-ақ, кадрға жетіге жуық жүк көлігі түскен. Біреуі даланың ортасында тұр, ал ер адамның айтуынша, одан қаза тапқандарды «лақтырып» жатыр. Қалған алты немесе одан да көп жүк көлігі бірнеше ондаған метр жерде кезекте тұр.

Бүгінгі таңда OSINT-аналитиктер видеоны нақты қай жерде және қашан түсірілгенін анықтай алмады. Жазбада қар жоқ, ал экскаваторлардың еш қиындықсыз жұмыс істегеніне қарағанда, топырақ қатпағаны байқалады.