«Естігенде сөйлемей қалдым»: Танымал актриса қызын өзге ұлтқа ұзатқанын айтты

Фото: видеодан скрин

Бұл туралы ол журналист Әйкерім Сейфоллаға берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Актриса басында қиын болып, бірден ақ батасын бермегенін айтты.

«Басында қиындау болды. «Қалай» деп біразға дейін сөйлемей жүрдім. «Неге олай жасады? Өзіміздің де қазақ балалары толып жатыр ғой» деп жүрдім. Содан кейін жолдасым маған «ертең қызың бұл жігітке тұрмысқа шықпаса, кейін өмір бойы өзіңе ренжіп кетуің мүмкін. Сен толық түсін. Махаббат ол ұлтында емес, махаббат екеуінің бір-бірінде» деді. Ол кезде анам тірі, анама айттым. Анам басында үндемей сосын «Балам, ең бірінші балаңның бақытты болғаны. Сенің балаң бақытты болса, жүрегің тыныш» деді. Содан кейін қызыма «жарайды» деп ақ батамды бердім», — деді актриса.

Сондай-ақ ол күйеу баласының мұсылмандықты қабылдағанын да айтып өтті.

«Күйеу балам мұсылмандықты қабылдады, қазір «мама» дейді. «Балам» деймін, қазір қазақша үйреніп жүр. Олар қазір Литвада тұрады. Екеуі сол жақта жұмыс жасайды. Телефонмен сөйлескенде «мама, сәлеметсіз бе! Папа, Ассалаумағалейкум» деп амандасады. «Неге бауыр, неге бауырсақ» деп бәрін сұрайды. Құран кітабын алдырып, соны оқиды. Жазда бардық. Қызымның «мама» деп бақытты болып жүргенін көрдік. Елтайға (*күйеуі) «осыдан артық не керек» деймін. Құдағимен өте жақсымын, екеуміз құрбымыз. Құдалыққа келген кезде бәрі маған ұқсайтынын айтты. Көңілді, жадырап жүретін кісі», — деді Гүлмира Жакилина.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)