Жақында мәжілісте министрлер, әкімдер мен олардың қол астындағылардың сән-салтанатқа толы өмірі талқыланды. Мемлекеттік қызметкерлердің негізсіз байығаны үшін жауапкершілік енгізу бастамасы ұсынылды. Алайда сарапшылардың бір сыпырасы бұл шаралар жеткіліксіз деп санап отыр, деп хабарлайды ozgeris.info порталы.
КТК арнасының мәліметінше,экономистің сөзінше, шенеуніктер табысы көпке ашық түрде жариялануы, қолжетімді болуы тиіс.
“Олар табыс туралы декларацияларын тапсырады, бірақ бұл декларациялар көпшілікке жарияланбайды. Сондықтан, бірінші кезекте, қоғамның ақпаратқа қол жеткізуінің жариялылығы туралы шешім қабылдау қажет, яғни журналистер, блогерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік қызметкерлер декларацияларына оңай қол жеткізуі тиіс. Қазір мұндай мүмкіндік жоқ”, – дейді экономист Рахым Ошақбаев.
Депутаттар бай мемлекеттік қызметкерлер қолданатын арнайы жүйе туралы айтуда. Негізінен олар өз жылжымайтын мүліктері мен автокөліктерді өз атына тіркемейді. Іс жүзінде олардың атында ешқандай мүлік болмағандай жүреді. Мұны кірістерді жалпыға бірдей декларациялау жүйесі түзете алады. Сонда барлық 19 миллион адамның меншігі және “әдемі өмірі” негізгі табысымен сәйкес келмейтіні белгілі болады.
Қазақстандықтар осы аптада еліміздің бас санитарлық дәрігерінің пиджагына назар аударған. Желідегі фотосуретке қарағанда, Айжан Есмағамбетова 900 мың теңге тұратын италиялық бренд стилін жөн көретін сияқты.
ПІКІР ЖАЗУ