Блогер Бұхарбай Болат «Jaqsy Bolady» атты YouTube арнасында Айдос Садықовқа жасалған қастандық туралы өз ойын айтты.
Біріншіден, соғыс болып жатқан елде осындай арнайы операция жасау өте қиын. Себебі, Украинада соғыс жағдайы. Коменданттық режим бар, халықтың белгілі бір пайызы тапанша, қарумен жүретіні белгілі. Жалпы, бүгін өте қауіпті орталардың бірі деуге болады. Және дәл сол жерде арнайы бір шабуыл ұйымдастыру өте оңай емес, және оны жасаған адам кемінде екі немесе үш ай дайындалуы әбден түсінікті.
Екіншіден, белгілі бір мемлекетке байланысты болуы. Меніңше, бұл дүниеде, объективті түрде қарасақ, бірнеше ой бар. Яғни, үшінші тараптардың араласуы мүмкіндігі. Яғни, Украина да емес, Қазақстан да емес, үшінші тараптың араласуы. Қазақстанды алатын болсақ, соңғы кездері «БӘСЕ» YouTube арнасы Қазақстан билігі үшін алып бара жатқан ауыр мәселе болып тұрған жоқ. Олай болса, мәселен, Францияда жүрген азамат. Францияда мұндай спецоперация жасау қайда жеңілірек болатын еді. Бірақ, ол да ешкімге керек емес.
Үшіншіден, Бұрын Қазақстанда судья болған азаматша Германияда жоғалып кетіп, мәйіті табылды. Оның өліміне жұмысына байланысты кек алушылар ма деп ойладым, қазір оның жігіті кінәлі деген пікірлер айтылып жатыр. Украинаға келетін болсақ, Украинадағы соғыстан келген жынды болып шықпайтынына кім кепіл?
Төртіншіден, «БӘСЕ» YouTube арнасында беліглі бір үлкен кәсіпкерлерге байланысты бейнелер көп. Ал біз біздің елдегі үлкен кәсіпкерлердің қалай кәсіпкер болғанын және Ескі Қазақстанмен қалай байланысты екенін білеміз. Меніңше, Ескі Қазақстан адамдарын ұмытпау қажет.
Еске сала кетейік, жақында «БӘСЕ» YouTube арнасының журналисті Айдос Садықовқа Украинада қастандық жасалып, әйелі Тоқаевты кінәлаған болатын.
ПІКІР ЖАЗУ