«Ешкім қорғай алмайды»: Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы ауыр дертке шалдыққан

Фото: Chris Carlson

АҚШ атынан жұдырықтасқан армениялық кәсіпқой боксшы Ванес Мартиросян плоскоклеткалы қатерлі ісік диагнозына шалдықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Boxing Scene сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздің мәліметінше, боксшы Ванес Мартиросян ота жасаудан бас тартқан.

«Әр жекпе-жегімізде бізді қорғайтын дәрігер, жедел жәрдем көлігі, төрешілер бар. Ал қатерлі ісікпен күресте ешкім сені қорғай алмайды», — деп Ванес Мартиросян өзінің ішкі күйін жеткізген.

Ванес Мартиросян отбасының қолдауының арқасында қазір тыңғылықты түрде ем алып жатыр. Қазіргі уақытта ол Мексиканың Тихуана қаласында химиотерапия курсынан өтіп жатыр. Ванес Мартиросян кәсіпқой бокста 41 жекпе-жек өткізген. Ол 36 жеңіске жетіп, 4 рет жеңіліс тапқан және 1 рет қарсыласымен тең түскен.

Айта кетейік, Ванес Мартиросянды соңғы мәрте шаршы алаңға 2018 жылы шыққан болатын. Ванес Мартиросян сол уақыттағы орта салмақтың көшбасшысы, қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығып, екінші раундта жеңіліс тапқан.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Много лет диабета закончились за 2 дня! Теперь сахар в норме...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре