«Ешқандай сөгеттігі жоқ»: Итінің туған күнін жасаған алматылық ел алдында ақталды (ВИДЕО)

Желіде итінің төрт жасын дүбірлетіп атап өткен алматылық сынға ұшырады. Үй жануарының мерейтойына ит-мысық ғана емес, олардың иелері де қатысқан. Бұл туралы ozgeris.info тілшісі Stan.kz — ке сілтеме жасап.

Той төріне тақия мен қазақы шапан киіп шыққан иттің аты Майлыбек екен. Мерейтойдың кәдімгі тойдан еш айырмашылығы болмаған.

Тойға қожайыны қырыққа жуық адам шақырған. Олар итке тілек жаудырып, кеш көрігін қыздырған. Ал ас мәзірінде тек адамдарға емес, ит-мысыққа арналған тағамдар болған.

Мәліметтерге сәйкес, бұл мерекені белсенді Темірлан Тоспаев ұйымдастырған. Ол осылайша қаңғыбас иттерге қамқорлық көрсету ниетінде қайырымдылық шарасын өткізіпті. Белсенді итінің туған күнін бұған дейін де тойлап келген екен.

“Әлеуметтік желіде көпшілік тойдың шығынына қызығушылық білдірді. Шын мәнінде қонақтардың сый-сияпаты мерекелік кештің бар шығынын толық жапты. Бұл тойды сынаған адам аз. Мен барлығын көріп отырмын. Керісінше, желі қолданушылары таң-тамаша болған. Мұндай той өткізудің ешқандай сөгеттігі жоқ деп ойлаймын”, – дейді ол.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...